Түркі елдерінің композиторлары кәсіби одақ құрды

Түркі елдерінің жетекші музыкалық ұйымдарының өкілдері музыка өнері саласындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту мақсатында Түркі әлемі композиторлары одағын (Turkic Union of Composers, TUC) құрды.

Бұл туралы Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қорының президенті Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.

Баку декларациясы және одақтың мақсаты

Жаңа ұйымды құру туралы тарихи шешім Баку қаласында өткен Түркі әлемі композиторларының I құрылтайы аясында қабылданды. Жиын барысында түркі елдерінің өкілдері Баку декларациясына қол қойды. Бұл құжат музыка саласындағы тығыз әрі жүйелі байланыстарға негіз қалайды.

Жаңа одақ түркі елдерінің композиторларын, музыкатанушыларын, танымал орындаушыларын, сондай-ақ жетекші консерваториялар, музыка академиялары мен шығармашылық бірлестіктерін өзара ортақ алаңға біріктіруді көздейді. Сала мамандары арасындағы кәсіби байланысты нығайту және ортақ музыкалық мұраны дәріптеп, өнер саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру.

«Адал Қоғам» жобасы аясында «Адал қоғамды қалыптастыруда серіктестік пен жауапкершілік» атты конференция өтті — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img