Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орай балалар арасында «Ұлттық ойындар» атты спорттық жарыс өтті

22 қыркүйек күні Алматы қаласындағы №11 кәмелетке толмағандарды ұстау мекемесінде 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орай балалар арасында «Ұлттық ойындар» атты спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру. Жарысты Алматы қаласы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҚР ІІМ Құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі кеңес, ҚР ІІМ, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі,«Возрождение Life» орталығы және ҚР ІІМ ведомстволық «Arlan» спорт клубы бірлесіп ұйымдастырды.

Мекемеде 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер қамтылған. Спорттық сайысқа барлығы 93 бала қатысып, топтық және жеке жарыстарда өзара бақ сынады. Жарыс барысында арқан тартыс, қол күрес, белтемірге асылу, қой көтеру сынды ұлттық ойындар дәріптелді. Жасөспірімдер аталған спорт түрлері бойынша өзара бақ сынап, ептілік, күш және төзімділіктерін көрсетті. Сайыстар топтық және жеке форматта ұйымдастырылып, қатысушылар үздік нәтиже көрсетуге тырысты.

Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға мадақтамалар, медальдар және кубоктар табысталды. Спорттық шара жасөспірімдерге белсенділік танытып, өзара ынтымақтастық пен командалық рухты нығайтуға мүмкіндік берді.

 

Автор: Аружан Султанбек

Енді Солтүстік Қазақстандағы оқушылар мектептен диқаншылық сабақтарын үйренеді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img