Өзбекстанның туристік орталығында электрлі самокат пен басқа да көліктерге шектеу қойылады

Өзбекстанның ең көне әрі басты туристік қалаларының бірі – Бұхарада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қатаң ережелер қабылданды.

Шаһардың тарихи бөлігінде электрлі самокат, скутер және басқа да көлік түрлерін қолдануға шектеулер қойылады.

Жаңа ережелердің мазмұны мен себебі

Бұхара қаласы әкімінің шешіміне сәйкес, жаңа шектеулер 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Шектеулер қаланың тарихи бөлігін толығымен қамтиды. Электрлі самокаттар, скутерлер, рикшалар, мопедтер, квадроциклдер, картингтер, сондай-ақ атпен және түйемен серуендеуге шектеу қойылады.

Бұл шешімнің қабылдануына қаланың тарихи аймағында жаяу жүргіншілер мен туристерге қатер төндіретін ретсіз көлік қозғалысының көбейіп кетуі себеп болған. Құжатқа сәйкес, бұл көлік құралдарының дені жолаушылар тасымалына арналмаған және заң талаптарына толық сәйкес келмейді. Ережелерді сақтауды қамтамасыз ету үшін шектеу енгізілген аумақтарға арнайы көрсеткіштер мен жол белгілері орнатылады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орай балалар арасында «Ұлттық ойындар» атты спорттық жарыс өтті — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img