«Нұр Жолы» мен «Қорғаста» көліктерді кедендік рәсімдеу мерзімі бір тәулікке дейін қысқарады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы маңызды логистикалық түйіндердің жұмысы түбегейлі жақсармақ.

«Нұр Жолы» мен «Қорғас» өткізу бекеттерінде көліктерді кедендік рәсімдеу мерзімін қазіргі 20-30 күннен бір тәулікке дейін қысқартатын жаңа жүйе енгізіледі. Бұл туралы Beijing Polyking New Horizons Technology Industry Co. бас директоры Ли Канчао «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында берген сұхбатында мәлімдеді, — деп хабарлайды Jibek Joly телеарнасы.

Жаңа жобаның артықшылықтары мен инвестиция көлемі

Бұл бастама екі ел арасындағы шекарадағы кептелістерді азайтып, транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталған. Бұрын бұл екі бекеттен өтуге 20-30 күн уақыт кетсе, озық цифрлық шешімдер мен біріктірілген жүйелердің арқасында бұл үдеріс бір тәулікке дейін қысқарады.

Жаңа жүйені іске қосуға бастапқы кезеңде 10 миллион доллар көлемінде инвестиция салынады. Алдағы уақытта қойма кешендерін салып, жаңа автожол тартуға тағы 200 миллион долларды бағыттау жоспарлануда. Алғашқы кезеңде екі ел арасындағы автокөлік саудасын 30 пайызға, ал жаңа қоймалар мен жол инфрақұрылымы толық іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткішті екі есе ұлғайту көзделіп отыр.

Индустриялық парк жобасы

Сонымен қатар, инвесторлар Жетісу облысымен бірлесіп жаңа индустриялық парк жобасын жүзеге асыруда. Бұл парке автокомпонент өндірушілері, құрастыру кәсіпорындары, сондай-ақ дрондар мен робот техникасын әзірлейтін жоғары технологиялық компаниялар тартылады. Жаңа цифрлық жүйе мен дамыған логистикалық инфрақұрылым отандық және шетелдік бизнес үшін қолайлы жағдай жасап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтермек.

Қырғызстан азаматтары өз үйлерін сатуға тыйым сала ала ма? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img