Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына 140-тан астам жаңа тақырып енгізілді

Елдегі балабақшаларда, мектептерде және колледждерде өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке қауіпсіздік сабақтарының бағдарламасы түбегейлі жаңартылды.

Оқу-ағарту министрлігі ЮНИСЕФ және бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірлеген жаңа бағдарламаға күнделікті өмір мен цифрлық ортада кездесетін қауіп-қатерлерге арналған 140-тан астам тақырып енгізілді, деп хабарлайды jananews.kz.

Балалардың жас ерекшелігіне сай бейімделген мазмұн

Жаңа оқу бағдарламасы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бірнеше санатқа бөлінген:

1) Бейтаныс адамдармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау, көмек сұрау және адасып қалған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын үйренеді.

2) Жеке шекара, интернеттегі қауіпсіздік, күмәнді сілтемелер, сондай-ақ өрт және эвакуация кезіндегі қауіпсіздік ережелері қарастырылады.

3) Буллинг пен кибербуллинг, интернет-алаяқтық, дербес деректерді қорғау, жалған ақпарат, дипфейктер және жасанды интеллектіні қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланады.

4) Дропперлік пен «оңай ақша» табу схемалары, қаржылық және еңбек алаяқтығы, қауіпті онлайн-таныстықтар, груминг, сталкинг, манипуляция және құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу тәуекелдері түсіндіріледі.

Сабақтардың өту форматы

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл сабақтар апта сайын сынып немесе кураторлық сағат аясында 10 минуттан өткізіледі. Негізгі басымдық теорияға емес, практикалық дағдыларға берілген. Балалар нақты өмірлік жағдайларды талдап, қауіпті ерте тануға, өзін-өзі қорғауға және қиын жағдайда кімге көмекке жүгіну керектігін үйренеді.

Маңғыстаудағы Бейнеу ауданында бір түнде 126 қой қырылып қалды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img