Елімізде Халықаралық қарттар күні қарсаңында ресми статистикалық деректер жарияланды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда жасы 100-ден асқан 44 зейнеткер бар, деп хабарлайды jananews.kz.
Еліміздегі ең жасы үлкен қариялар
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, ғасыр жасаған ардагерлер арасында ерекше рекорд көрсеткіштері бар. Әйелдер арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер 106 жастағы кейуана Шымкент қаласында, отбасының ортасында өмір сүріп жатыр. Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер Алматы қаласында тұратын 104 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик атамыз.
Жалпы алғанда, қазіргі таңда Қазақстан бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы алады. Олардың 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды.
Қазақстан құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 чемпионатында 8 жүлдеге ие болды — jananews.kz
(Суретте ЖИ қолданылған)

