Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесі жұмыс істейді.
Егер емдеу кезінде дәрігердің қателігі орын алып, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені расталса, өтемақыны медицина қызметкері өз қалтасынан төлемейді. Бұл қаржылық міндеттемені сақтандыру ұйымы (компания) өтейді. Статистикалық деректерге сәйкес, соңғы 2 жыл ішінде осы сақтандыру аясында пациенттер мен олардың отбасыларына 502,6 млн теңгеден астам сақтандыру төлемі берілді.
Өтемақы алу тәртібі қалай жүзеге асады?
Пациентке немесе оның заңды өкіліне төлем төленуі үшін белгілі бір ресми рәсімдерден өту қажет. Егер пациент өз денсаулығына зиян келтірілді деп есептесе, алдымен тиісті медициналық мекемеге арызданады. Жағдайды арнайы тәуелсіз сараптама комиссиясы қарайды. Оның құрамына бейінді мамандар, кәсіби медициналық қауымдастықтардың және сақтандыру ұйымының өкілдері кіреді. Оқиға орын алған медициналық ұйымның қызметкерлері бұл комиссия құрамына енгізілмейді. Сарапшылар медициналық құжаттарды зерттеп, зиян келтірілгенін растаған жағдайда, заңнамада белгіленген мөлшердегі өтемақыны сақтандыру ұйымы тікелей пациентке немесе оның өкіліне төлейді.
Бұл жүйе екі тарап үшін де тиімді, пациент өз құқығын қорғап, кепілдендірілген өтемақы алады, ал дәрігер қателік орын алған жағдайда өзінің жеке қаражаты есебінен шығын төлеу қаупінен қорғалған болады.
XX жазғы Азия ойындарынан Қазақстан 84 медаль еншіледі — jananews.kz

