Тұрғын үйлердегі өрттің 40 пайызы электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбаудан туындайды

Қазақстанда тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаев өрттердің негізгі себептерін атап өтті, деп хабарлайды jananews.kz.

Өрттің шығуына не себеп болады?

ТЖМ өкілінің мәліметінше, елдегі тұрғын үйлерде орын алатын төтенше жағдайлар ережелерді елемеу салдарынан туындайды. Тұрғын үйлердегі өрттің шамамен 40 %-ы электр жабдықтарын орнату және пайдалану ережелерін бұзудан шығады. Ал 20–25 %-ы жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, 18–20 %-ы отпен абайсыз әрекет етуден шығады.

Министрлік өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтамаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертеді. Жылыту маусымының басталуына байланысты ТЖМ тұрғындарға үйлеріндегі электр сымдары мен жылыту пештерінің жарамдылығын алдын ала тексеріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Темір жол аумағында мал жайғандар 86 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img