Қазақстанда бетон жаймасына қойылатын бірыңғай талап енгізілмек

Биылғы қараша айының 1-інен бастап Қазақстанда бетон жаймасына арналған жаңа ұлттық стандарт қолданысқа енгізіледі.

Жаңа құжат каналдарды, еңістерді және су шаруашылығы құрылыстарын нығайту үшін пайдаланылатын материалдың сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды, — деп хабарлайды jananews.kz.

Жаңа ұлттық стандарттың ерекшеліктері

ҚР СТ 4051-2026 «Бетонды жаймалар. Техникалық шарттар» атты ұлттық стандарт Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілді. Құжатты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК әзірлеген.

Бетон – құрғақ цемент қоспасы негізінде жасалатын, су тигеннен кейін беріктік пен қаттылыққа ие болатын геосинтетикалық композициялық материал. Материал гидротехникалық және су шаруашылығы құрылыстарын салу, жөндеу кезінде, атап айтқанда жабындарды, еңістер мен үйінділерді нығайтуға, су бұру каналдары мен іргелес құрылыстарды жасауға пайдаланылады. Алайда стандарт жалпыға ортақ пайдаланылатын және уақытша автомобиль жолдарын салуға қолданылмайды.

Сапа мен бақылау талаптары

Құжат бетон жаймасының негізгі сапа көрсеткіштерін қатаң белгілейді. Олардың қатарына иілу мен созылу кезіндегі беріктік, сығылуға беріктілік, статикалық тесілуге төзімділік, су өткізбеушілік, аязға төзімділік және су сіңіргіштік сипаттамалары кіреді. Сондай-ақ әрбір өнім партиясы міндетті түрде сапа құжатымен бірге жеткізілуі тиіс. Бұл бірыңғай талаптар өндірушілерге сапаны бақылауға, ал тапсырыс берушілерге материалдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Елдегі логистика саласы қаншалықты дамыған? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img