Енді шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек

Қазақстанда визасыз режиммен келетін шетел азаматтарының елге кіру және болу тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Биылғы 1 қарашадан бастап визасыз келетін шетелдіктерге міндетті түрде электрондық рұқсат алу талабы кезең-кезеңімен іске қосыла бастады, — деп хабарлайды jananews.kz.

Жаңа талап қай жерлерде пилоттық режимде жұмыс істей бастады?

Өзгерістердің алғашқы кезеңі Ақтау халықаралық әуежайы, Павлодар облысындағы «Үрлітөбе» автомобиль өткізу, Жамбыл облысындағы «Аухатты», Түркістан облысындағы «Атамекен» және Жетісу облысындағы «Нұрлы Жол»   шекара бекеттерінде қолданысқа енгізілді.

Кезең-кезеңмен енгізу кестесі және талаптар

Жаңа жүйенің азаматтар мен шетелдік қонақтарға бейімделуі үшін белгілі бір өтпелі кезең қарастырылған. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл талап Астана мен Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында енгізіледі. Ал 1 наурыздан бастап еліміздің қалған барлық шекара бекеттеріне осы талап қойылмақ. Әзірге электрондық рұқсатсыз келген шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынбайды, шекара қызметкерлері тек түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

2027 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды рұқсаты жоқ шетелдіктер Қазақстан аумағына кіре алмайды. Бұл бастама елдегі көші-қон процестерін цифрландыруға, қауіпсіздікті күшейтуге және шекарадан өту рәсімдерін оңтайландыруға бағытталған.

«Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды қолжетімді бағамен жеткізбек — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img