Витилиго ауруын емдейтін дәріні мақұлдаған алғашқы ел — БАӘ

Біріккен Араб Әмірліктері терінің пигментациясы бұзылатын витилиго ауруын емдеуге арналған инновациялық препаратты ресми түрде мақұлдаған әлемдегі алғашқы ел атанды, — деп хабарлайды jananews.kz WAM агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа препарат және оның ерекшеліктері

Дәрімен емдеу үдерісі Дубайда өткен жыл сайынғы 10-шы Дерматология конференциясында ресми түрде басталды. Препарат витилигоның ең көп таралған түрі – сегменттік емес витилигомен ауыратын науқастарға арналған. Бұл түрде терінің түссізденген дақтары дененің әртүрлі бөліктерінде көбінесе симметриялы түрде пайда болады. Дәрі тек дәрігердің рецепті бойынша беріледі. Емдеу курсының дозасы мен ұзақтығын тек білікті маман ғана анықтайды.

Витилиго ауруы туралы не білу керек?

Витилиго – иммундық жүйе ағзадағы пигмент шығаратын жасушаларға шабуыл жасайтын созылмалы ауру. Пигменттік жасушалардың өлуі терінің табиғи түсін жоғалтып, денeдe ақ дақтардың пайда болуына әкеледі. Статистика бойынша, әлем халқының 1%-дан 2%-ына дейіні осы сырқаттан зардап шегеді. Науқастардың тең жартысында бұл ауру 20 жасқа толмай тұрып басталады.

Витилиго физикалық тұрғыдан ауырсыну тудырмағанымен, науқастардың психологиялық жағдайына, өзін-өзі бағалауына және өмір сүру сапасына теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан жаңа дәрінің пайда болуы миллиондаған адам үшін үлкен үміт отын жақпақ.

Алматы тауларында ұялы байланыссыз іздейтін жаңа құтқару жүйесі әзірленуде — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img