Қазақстанда кейінгі 7 жылда агросектор өндірісі 2 есеге жуық өсті

Елімізде соңғы жеті жыл ішінде отандық ауыл шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, жалпы өнім көлемі 2 есеге жуық артты.

Техникаларды жаңарту, заманауи жабдықтарды қолдану, сапалы тұқым мен тыңайтқыш көлемін ұлғайту шаруалардың бұл межеге жетуіне негіз болды, — деп хабарлайды jananews.kz.

Негізгі көрсеткіштер мен қаржылай қолдау

Ауыл шаруашылығы ел экономикасының маңызды тірегі ретінде тұрақты дамып жатыр. Егер 2019 жылы ауыл шаруашылығы тауарларының жалпы құны 5 триллион теңгені құраса, былтыр бұл көрсеткіш 10 триллион теңгеге жуықтады. Саланы қаржыландыру аясында жыл сайын төмен пайызбен берілетін несие көлемі 1 триллион теңгеден асты. Бұл шаруаларға маусымдық жұмыстарға ерте қамданып, жанар-жағармай, тыңайтқыш пен гербицидтерді қолайлы бағамен алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді. Кейінгі жеті жылда азық-түлік өндірісінің көлемі 2,3 есе ұлғайды.

Қайта өңдеу үлесі мен алдағы міндеттер

Агросектордың басты бағыттарының бірі – шикізатты экспорттаудан терең өңделген өнім шығаруға көшу. Қазіргі уақытта ет-сүт, астық пен майлы дақылдарды қоса алғанда, шикізаттың 64%-ы өңделеді. Биыл бұл көрсеткішті 70%-ға жеткізу міндеті тұр.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың айтуынша, өңдеу үлесінің артуы экспортқа да тікелей әсер етті. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын экспорттағы қайта өңделген өнімнің үлесі 43%-ды құраса, өткен жылдың қорытындысы бойынша 52%-ға жетті. Алдағы уақытта Президент Жолдауында жүктелген міндеттерге сәйкес, шаруалардың жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауын қамтамасыз ету үшін қаржыландыру жүйесі жаңартылады.

Шығыс Қазақстанда оқушылар мүгедек жандардың өмірін жеңілдететін жобалар әзірледі — jananews.kz

(Суретте ЖИ қолданылған)

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img