«Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына орай 11 спектакль көрерменге ұсынылады

Алматыдағы мәдени өмірдің маңызды оқиғасы – «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдық мерейтойына арналған ауқымды республикалық театр фестивалі басталады.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін ALMATY THEATRE FESTIVAL 2026 жылдың 15–20 қараша аралығында ұйымдастырылады, — деп хабарлайды jananews.kz.

Фестиваль бағдарламасы мен қатысушылар

Мерейтойлық шараның салтанатты ашылуы 15 қарашада сағат 15:00-де баспасөз конференциясымен басталып, 16:00-де ресми ашылу салтанатымен жалғасты. Алғашқы күннің шымылдығын режиссер Фархад Молдағалидың soundrama жанрындағы «Мәмлүк» қойылымы (сағат 17:00-де) ашты. Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен келген маңдайалды театр ұжымдары қатысып, өз өнерлерін ортаға салады. Қатысушылар қатарында:

— Жезқазған, Астана, Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды қалалары;

— Батыс Қазақстан облысының театрлары;

— Алматы қаласының шығармашылық ұжымдары бар.

Төмендегі көрермен назарына ұсынылатын 11 спектакль фестивальдің негізгі бағдарламасын құрайды:

  1. «Мәмлүк» (саундрама)

  2. «Войцек»

  3. «Сәйгүлік»

  4. «She Is Aiel»

  5. «Жабайы алма»

  6. «Найзағай»

  7. «Қорғансыз»

  8. «Томирис»

  9. «Ортеке»

  10. «Ромео мен Джульетта»

  11. «Гүлге ұмтылған екеу»

Мерекелік фестиваль тек сахналық қойылымдармен шектелмейді. Шара аясында «Дәстүрлі өнер және заманауи театр кеңістігі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Онда мамандар ұлттық театр өнерін дамыту бағыттары мен қазіргі театр үдерісінің өзекті мәселелерін талқылайды.

2026 жылғы 15–20 қараша күндері «Алатау» дәстүрлі өнер театры, Нұркент шағынауданы, 6-көшесінде өтеді. Байланыс телефоны +7 (777-67) 8-85-94.

Қызылордада жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алатын бірыңғай жүйе іске қосылды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img