Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады.
Қазақстандық спортшылар халықаралық аренадағы сәтті өнерлерінің арқасында өз позицияларын жақсартты, — деп хабарлайды jananews.kz.
Нұрқанат Серікбаев үздік ондықта
66 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін отандасымыз Нұрқанат Серікбаев Хорватияда өткен Гран-при турнирінде жеңіске жетіп, рейтингте бірден алты сатыға жоғары көтерілді. Нәтижесінде қазақстандық дзюдошы 2748 ұпаймен оныншы орынға жайғасты. Бұл салмақтағы көш басын атақты спортшылар бастап тұр:
1-орын: Хифуми Абэ (Жапония) – 5200 ұпай;
2-орын: Такеши Такеока (Жапония) – 5000 ұпай;
3-орын: Нурали Эмомали (Тәжікстан) – 4400 ұпай.
Басқа да отандық дзюдошылардың жетістіктері
Загребтегі Гран-при мен халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсеткен өзге де қазақстандық палуандардың көрсеткіштері жақсарды. Аман Бақытжан (60 келі) – 3 саты жоғарылап, 2145 ұпаймен 22-орынға, Ғалия Тынбаева (48 келі) – бірден 13 сатыға көтеріліп, 1141 ұпаймен 38-сатыға, Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) – 6 саты көтеріліп, 1235 ұпаймен 40-орынға ие болды, ал Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) – бірден 10 сатыға жоғарылап, 1103 ұпаймен 36-орынға жайғасты. Отандық дзюдошылардың бұл жетістіктері алдағы беделді турнирлер мен олимпиадалық рейтинг алдындағы маңызды қадам болмақ.
Қарағанды облысында танымал HOWO жүк көліктері шығарылады — jananews.kz

