Асхат Аймағамбетов: МӘМС жүйесіне қатысты халықта сұрақтар әлі де көп

Халықтың медициналық қызметтерге жұмсайтын өз шығындары жыл сайын артуда.

Бұл туралы Құрылтайдағы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде МӘМС жүйесін дамытуға арналған тақырыптық отырыста аталған комитеттің төрағасы Асхат Аймағамбетов мәлім етті, — деп хабарлайды jananews.kz.

Депутат көтерген түйткілді мәселелер

Комитет төрағасы халықпен кездесулерде бұл тақырыптың ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Азаматтар тарапынан медициналық көмекке қол жеткізу қиын екендігіне шағымдар жиі түседі. Халықтың өз қалтасынан төлейтін қаражаты жыл сайын өсіп жатыр, бұл жүйенің тиімділігіне қатысты сұрақтар туындатады.

МӘМС қоры Қаржы министрлігіне берілген кезде үшжақты келісім жасалып, Денсаулық сақтау министрлігі мен Цифрландыру министрлігі нақты міндеттемелер алған болатын. Дегенмен, қордың құрылғанына біраз уақыт өтсе дe, салаға қатысты сұрақтар әлі де азаймай тұр.

Жүйеден тыс қалған азаматтар

Отырыста айтылғандай, бұл салада цифрландыруды жетілдіру мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше мән берілуі тиіс. Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев елімізде 2,8 миллионға жуық адам әлі де МӘМС жүйесінен тыс қалып отырғанын мәлімдеген болатын. Бұл көрсеткіш медициналық сақтандырумен қамтуды кеңейту және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету бағытында әлі дe ауқымды жұмыстар атқарылуы керектігін көрсетеді.

Министрліктің арнайы тобы ҚазҰУ-ны тексерістен өткізеді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img