Қазақстанда БҰҰ Университетінің институты ашылады

Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Университетінің жаңа ғылыми-зерттеу институты құрылады.

Бұл туралы Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары — БҰҰ Университетінің ректоры, профессор Тшилидзи Марвала мәлімдеді, — деп хабарлайды jananews.kz.

БҰҰ-ның білім саласына ықпалы

Ректордың айтуынша, жаңа институт (UNU) Қазақстан мен Орталық Азия өңірінде ашылатын БҰҰ Университетінің алғашқы ғылыми құрылымы болмақ. Бұл бастама отандық жас ғалымдарға елден кетпей-ақ жаһандық ғылыми желілерге тікелей қосылуға мүмкіндік береді.

«Қазақстандағы ғалым Жапониядағы, Африкадағы және Еуропадағы әріптестерімен климатқа бейімделу немесе жасанды интеллект бойынша бірлесіп жұмыс істей алуы тиіс. Біз «мидың сыртқа ағылуынан» «ақыл-ой айналымына» көшуіміз қажет. Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы жай ғана көпір емес, дербес білім орталығына айналу әлеуеті зор мемлекет», — деді профессор Тшилидзи Марвала.

Жаңа институттың басым бағыттары мен маңызы

БҰҰ Университеті — әрі жоғары оқу орны, әрі БҰҰ жүйесінің маңызды ғылыми-сараптамалық бөлігі. Қазақстанда ашылатын институт заманауи технологиялар мен ЖИ шешімдерін жаһандық зерттеу желілерімен ұштастырып, Орталық Азия бетпе-бет келіп отырған экологиялық сын-қатерлерді, су және климат қауіпсіздігін зерттеу және елдің осы саладағы тәжірибесін халықаралық деңгейдегі ғылыми жобаларға негіз болатын салаларға басымдық бермек.

Профессор Марвала халықаралық ынтымақтастықта білім алмасудың көпжақты болуы керектігін атап өтті. Яғни, Қазақстан мен Орталық Азияда әзірленген ғылыми шешімдер Африка мен Азия елдеріндегі мәселелерді шешуге, ал өңірдегі зерттеулер Еуропа саясатына негіз болуға қауқарлы. Бұл қадам БҰҰ-ның Қазақстанның зияткерлік әлеуетіне деген берік сенімін көрсетеді.

Елена Рыбакина алғаш рет маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img