Ағашты экспорттауға алты айға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда ағаш материалдарының жекелеген түрлерін ел аумағынан әкетуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салу жоспарланып отыр.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірлеп, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды, — деп хабарлайды jananews.kz.

Жаңа құжатқа сәйкес, тауардың шығарылған еліне қарамастан, жекелеген ағаш түрлерін Қазақстан аумағынан сыртқа шығаруға тыйым салу көзделген. Шектеу ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407 код тауарлары бойынша қарастырылған.

Тыйым салынбайтын ерекшеліктер

Бұйрық жобасында ішкі өндірісті қолдау мақсатында бірқатар ерекшеліктер де қарастырылған. Атап айтқанда, теміржол және трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты ағаштардан жасалған ағаш шпалдарға, сондай-ақ Қазақстанда өндірілген ағаш түйіршіктеріне (пеллеттерге) уақытша шектеу қолданылмайды.

Министрлік мәліметінше, бұл бастама ең алдымен отандық ағаш өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ішкі нарықты шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталған. Құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың нормаларына толық сәйкес әзірленген.

Қазақстанда БҰҰ Университетінің институты ашылады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img