Президент жанындағы Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобының құрамы бекітілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы» туралы өкімге қол қойып, жаңа консультативтік-кеңесші органның құрамын бекітті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап jananews.kz хабарлайды.

Жаңа сараптама тобының негізгі міндеттері мен жұмыс тәртібі

Стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы Қазақстан Республикасының ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау мақсатында құрылды. Жаңа органның қызметі ел дамуының концептуалды тәсілдерін айқындау, сондай-ақ талдамалық, әлеуметтік және форсайт зерттеулердің нәтижелерін талқылау. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Сараптама тобының жұмыс органы саналады. Жиындар қажеттілігіне қарай, бірақ кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері қатыса алады.

Сараптама тобының басшылығы

Президент өкімімен бекітілген сараптама тобына мына лауазымды тұлғалар жетекшілік етеді:

Қарин Ерлан Тынымбайұлы — Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, жетекші;

Балаева Аида Ғалымқызы — Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, жетекшінің орынбасары;

Ерғалиев Әсет Арманұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, жетекшінің орынбасары;

Шаймарданов Жандос Нұрланұлы — ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры, хатшы.

Сараптама тобының мүшелері

Консультативтік-кеңесші орган құрамына мемлекет қайраткерлері, депутаттар, жетекші сарапшылар, ғалымдар мен бизнес өкілдері енді:

Зәкиева Динара Болатқызы — ҚР Құрылтайы Төрағасының орынбасары, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл;

Нұрбек Саясат — ҚР Ғылым және жоғары білім министрі;

Ахмедиев Дархан Мейрамұлы — ҚР Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы;

Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы — ҚР Құрылтайының депутаты;

Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы — ҚР Құрылтайының депутаты;

Сарым Айдос Әміроллаұлы — ҚР Құрылтайының депутаты;

Шибутов Марат Максумұлы — ҚР Құрылтайының депутаты;

Кенжеханұлы Рауан — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ президенті;

Мусин Бағдат Батырбекұлы — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы;

Мухамеджанов Евгений Викторович — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «ECO Network» жобасының негізін қалаушы;

Мұхтарова Найла Алтайқызы — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директоры;

Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Философия, саясаттану және дінтану институты» РМК директоры;

Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы;

Әбішев Ғазиз — «Metropolitan information group» ЖШС директоры;

Баткеев Біржан Бақытбекұлы — «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы;

Бектұров Ренат Нұрмолдаұлы — «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы;

Боранбаев Әнуар Болатұлы — «Зерттеу және консалтинг орталығы» ЖШС серіктесі;

Гумаров Эльдар Мұхтарұлы — «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы;

Досымбеков Ерлан Беркінұлы — «Ernst & Young» Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі басқарушы серіктесі, «Қазақстанның Шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы;

Дулат Ерзат — «Higgsfield AI» негізін қалаушы;

Жайықов Қуаныш Маратұлы — «Desht» талдау орталығының басшысы;

Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы — «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ президенті;

Мецик Олег Игоревич — форсайттар бойынша маман, «СИМКОН» үнемді технологиялар өңірлік орталығы» ЖШС директоры;

Мұқанов Мақсат Нұрдәулетұлы — «Өзекті саясат институты» ҚҚ вице-президенті;

Нұрғалиева Мадина Маратқызы — «Қоғамдық саясат институты» ЖММ директоры;

Сағынбаева Аяулым Зарлықанқызы — ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының басшысы;

Сәкенов Олжас Берлесұлы — «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» РМК директорының орынбасары;

Чеботарев Андрей Евгеньевич — «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығы» ЖММ директоры;

Шүкіжанова Динара Аманжелқызы — «Агромашхолдинг KZ» АҚ президенті.

 

Қазақстан университеттерінің дипломдары Батыс және Шығыс елдерінде мойындала ма? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img