Қазақстан пайдалы модельдерді патенттеу бойынша әлемнің үздік 15 елінің қатарына енді

Қазақстан жаңа техникалық шешімдерді патенттеуге берілген өтінімдер саны бойынша әлемде 13-орынға көтерілді.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының дерегінше, 2025 жылы елімізде пайдалы модельдерді тіркеуге 1 914 өтінім түскен — бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 21,4%-ға артық, — деп хабарлайды jananews.kz.

Жаһандық рейтингтегі көшбасшылар мен Қазақстанның орны

Пайдалы модельдерді тіркеу бойынша әлемнің 20 жетекші елінің тізіміне енген Қазақстан көрсеткішін айтарлықтай жақсартты. Рейтингте еліміздің алдында тұрған Бразилияда 2 584, ал Италияда 2 253 өтінім тіркелген. Сонымен қатар үздік үштік қатарында Қытай — 2,6 миллион өтініммен 1-орын, Ресей — 13 147 өтініммен 2-орынға, ал Германия — 7 338 өтініммен 3-орынды иеленді. Сондай-ақ үздік ондық қатарына Таиланд, Индонезия, Украина, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея және Испания мемлекеттері енген.

Пайдалы модель — күнделікті тұрмыста немесе өндірісте қолдануға болатын жаңа техникалық шешім. Мәселен, белгілі бір құрылғының жұмыс тиімділігін арттыратын немесе оны пайдалануды жеңілдететін жаңа тетіктер осы санатта патенттеледі.

Енді жүргізуші куәлігіне емтиханды онлайн тапсыруға болады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img