Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп, оқу мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылуда.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, қарқынды дамыған заманда, әсіресе IT және жасанды интеллект салаларында білім мен технологиялардың жылдам ескіруіне байланысты дәстүрлі 4 жылдық оқу мерзімі тым ұзақ болып отыр. Осыған орай студенттерге қысқартылған бағдарламамен оқуға мүмкіндік беретін қолданбалы бакалавриат форматы ұсынылуда.
Білім беру саласындағы негізгі жаңашылдықтар
Нарық талабына сай қысқартылған әрі тәжірибеге бағытталған оқу бағдарламаларын енгізу. Қыркүйек айында оқу процесін жекелендіру алгоритмдері негізінде құратын тұңғыш жасанды интеллект университеті өз жұмысын бастайды. Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын нарық сұранысына сай бейімдеп жасау үшін кең еркіндік беріліп, жаңа модельдерге арналған нормативтік-құқықтық құжаттар әзірленді. Студенттердің жеке қабілеттеріне және уақытына бейімделген цифрлық, онлайн және дәстүрлі форматтар ұштастырылады.

