Атырауда лотос фестивалі өтті

Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Теңіз ауылында өңір туризмін дамытуға арналған ауқымды Лотос фестивалі биыл екінші рет ұйымдастырылды.

Қиғаш өзенінің бойындағы өзге өңірлерде сирек кездесетін ғажайып лотос алқабын тамашалауға туристік маусымның ашылу күні 30 мыңнан астам адам жиналды.

Қиғаш бойындағы лотос алқабы және туристік инфрақұрылым

Айдын бетін әсем көркімен және хош иісімен көмкерген лотос гүлдері Қиғаш өзенінің 5 гектар аумағын қамтиды. Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиевтің айтуынша, фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен бөлек Франция мен Қытайдан арнайы туристер келген. Су бетінде саяхаттау үшін 200-ге жуық қайық ресми тіркеліп, олардың барлық жүргізушілері қауіпсіздік тренингтерінен өткізілген. Жағалауда арнайы траптар мен ыңғайлы өткелдер жасалған.

Мәдени және спорттық бағдарлама

Фестиваль аясында қонақтар мен тұрғындар үшін түрлі мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылды. Жағалауға қазақы киіз үйлер тігіліп, ұлттық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен арнайы фотоаймақтар жұмыс істеді. Шара аясында 3 шақырымдық жүгіру марафоны өтіп, оған 94 адам қатысты. Фестиваль соңында жергілікті өнерпаздар мен отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

2027 жылы мектептер жоғары жылдамдықты интернетпен 100% қамтылады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img