Алматы қаласында бопсалау және қарулы бұзақылықпен айналысқан қылмыстық топ заң құрығына ілінді. Тінту кезінде күдіктілерден Қаңтар оқиғасында полиция департаментінен тоналған атыс қаруы табылды.
Қазақстанда көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бөлінетін қаржы бес есе артып, 750 миллиард теңгеге жетті. "Кең дала 2" бағдарламасы аясында фермерлер 5%-дық мөлшерлемемен несие алуда.