Орал қаласында алғаш рет телемедицина кабинеті ашылды

Орал қаласында алғаш рет «Жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік телемедицина» атты Қазақстан-Корея халықаралық симпозиумы өтті. Ауқымды шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Корея Республикасының Католиктік Квандонг университеті жанындағы «Әулие Мария» халықаралық клиникасының президенті Ко Донг Хён бастаған делегация және өңір дәрігерлері қатысты, — деп мәлімдейді kazinform.

Телемедицина кабинеті және халықаралық серіктестік

Халықаралық симпозиум аясында облыстық көпбейінді ауруханада жаңа телемедицина бөлмесі салтанатты түрде ашылды. Бұл жобаның басты ерекшеліктері мен алғышарттары мынадай:

Жаңа кабинеттің ашылуы — аймақ басшысының 2025 жылғы қараша айында Оңтүстік Кореяға жасаған жұмыс сапары кезінде бекітілген маңызды меморандумдардың нақты нәтижесі болып табылады.

Екіжақты келісім аясында биыл неврология және нейрохирургия саласындағы оралдық 10 маман «Әулие Мария» клиникасында арнайы тағлымдамадан өтіп, біліктілігін арттырды.

Халықаралық іс-шарада шетелдік мамандар жасанды интеллект көмегімен ауруды ерте анықтау, телемедицинадағы зияткерлік шешімдер және цифрлық деректер қауіпсіздігі бойынша өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті. Клиника президенті Ко Донг Хён да өз кезегінде қазақстандық әріптестерімен бірлескен жобаларды жан-жақты дамытуға толық дайын екенін жеткізді.

Ұлттық даму жоспары және стратегиялық мақсат

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қашықтан медициналық қызметті дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының өңірде жүйелі орындалып жатқанын атап өтті. Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекеттік стратегиялық мақсаттарға да тоқталды:

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген Ұлттық даму жоспарында айқындалған бағдарлы көрсеткіштің бірі — 2029 жылға доейін орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу. Осы мақсат-міндеттерді орындау жолында жүйелі жоспар бар. Бүгінгі халықаралық симпозиум мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған келісімдердің іске асуы жергілікті мамандардың біліктілігін арттырып, жаңа жетістіктерге жол ашады», – деді облыс әкімі.

Елімізде балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу қойыла ма? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img