Президент Жолдауында қандай өзекті мәселеге назар аударылды?

Президент Жолдауы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

ҚР Құрылтай депутаты Нұрайнаш Қамалова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында инфрақұрылымды дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыратын маңызды міндет айқындалғанын мәлім етті. Жолдауда әлеуметтік қолдауға, соның ішінде ең төменгі жалақы мөлшеріне айрықша мән берілді.

«2027–2029 жылға арналған бюджетті қарау барысында біздің партия ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Бұл бастаманың жолдауда қолдау тапқанына қуаныштымыз. Бұл – азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасайтын маңызды қадам», – дейді депутат.

Оның сөзінше, ендігі кезекте Жолдауда көзделген бастамаларды нақты іске асыру маңызды. Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдар деңгейінде де жүйелі түрде жалғасуы қажет.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img