Қандастарға ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру міндетті емес

Шетелде және Қазақстанда тұратын қандастарға еліміздің жоғары оқу орындарына түсу үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Грант конкурсына қатысу кезінде қандастар үшін шекті балл жинау міндетті емес, — деп хабарлайды jananews.kz.

ҰБТ тапсыру тәртібі мен тіркелу жолдары

Шетелде тұратын қазақ ұлтының азаматтары Қазақстанның ЖОО-ларына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алады. Тестілеуді қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз айларында тапсыруға мүмкіндік бар. Шетел азаматтары ҰБТ-ға app.testcenter.kz сайты арқылы тіркеледі. Тестілеу құны – 5 640 теңге.

Қазақстан азаматының ЖСН-ы бар талапкерлер тиісті бөлімге өз нөмірін енгізеді (кәмелетке толмағандар үшін ата-анасының деректері көрсетіледі). Ал ЖСН-ы жоқ шетел азаматтары «ҚР ЖСН жоқ» бөлімін таңдап, жеке деректерін толтырады және оларға 12 таңбалы код беріледі.

Ақылы негізде оқуға түсуді жоспарлағандарға ҰБТ тапсыру міндетті емес – олар ЖОО-ға әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылдана алады. Ал мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін негізгі ҰБТ-ны тапсыру қажет.

Қандай пәндерді тапсыру қажет?

ҰБТ пәндерінің саны оқу мерзімі мен таңдалған мамандыққа байланысты анықталады. Толық оқу мерзімі бойынша әдеттегі мамандықтарға – 3 пән, шығармашылық мамандықтарға – 1 пән, ал қысқартылған оқу мерзімі бойынша (колледж түлектеріне) әдеттегі мамандықтарға – 2 пән, шығармашылық мамандықтарға – 1 пән тапсырады (Шығармашылық емтихандарды талапкер таңдаған жоғары оқу орны өткізеді).

Қазақстанда оқитын қандастар үшін шарттар

Қазақстанда білім алып жатқан қандастар ҰБТ-ға «2027 жылғы мектеп түлектері» санаты бойынша тіркеліп, негізгі тестілеуді тегін тапсыра алады. Ең басты артықшылық – қандастар үшін грант конкурсына қатысу кезінде шекті балл белгіленбеген. Олар негізгі ҰБТ нәтижесінде қанша балл жинағанына қарамастан, мемлекеттік грант конкурсына қатысуға еркін өтініш бере алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img