Енді Петропавл тұрғындары цифрлық орталықтан қызмет ала алады

Петропавл қаласында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді жедел әрі ыңғайлы түрде көрсетуге арналған жаңа цифрлық ХҚКО жұмысын бастады, — деп хабарлайды jananews.kz.

Бұл туралы цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні мәлім болды.

Жаңа орталықтың мүмкіндіктері мен артықшылықтары

Бұдан былай қала тұрғындары мемлекеттік қызмет алу үшін ұзақ кезекте тұрмай, барлық қажетті құжатты өз бетінше немесе онлайн форматта рәсімдей алады. Орталық келушілерге қолайлы болу үшін бірнеше арнайы аймақтарға бөлінген. Мұнда жеке куәлік пен төлқұжат рәсімдеуге арналған арнайы терминал орнатылған. AI-кеңсе бөлімінің жетекшісі Виталий Кирющенконың айтуынша, бұл құрылғы процедураны бірнеше минут ішінде жеңілдетіп, азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді. Қазіргі уақытта бұл арқылы тек жарамдылық мерзімі аяқталған немесе аяқталуға жақын жеке куәлік пен паспортты ауыстыруға өтініш беруге болады (алғаш рет құжат алуға қабылданбайды), ал дайын құжат 15 күн ішінде беріледі.

Компьютерлер мен сканерлермен жабдықталған бұл бөлікте тұрғындар eGov порталы мен eGov QR арқылы түрлі мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады. Қиындық туындаған жағдайда тәжірибелі мамандар бағыт-бағдар беріп, көмек көрсетеді. Орталықтың басты ерекшеліктерінің бірі – мұнда тұрғындарға электронды қызметтерді өз бетінше пайдалануды үйрететін тегін оқу сабақтары аптасына 2 рет ұйымдастырылады.

Республикалық деңгейдегі жаңалықтар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиевтің айтуынша, мұндай цифрлық кеңселер алдағы уақытта еліміздің өзге де өңірлерінде ашылады. Бүгінде бұл орталықтар арқылы тұрғындарға 60 мыңға жуық қызмет көрсетіліп үлгерді. Сонымен қатар, азаматтарға қолдау көрсету мақсатында 1414 байланыс орталығына жасанды интеллект көмекшісі енгізілді. Ол қазақ, орыс тілдерінде және тіпті аралас тілде еркін сөйлесе алады. Қазіргі таңда әрбір оныншы қоңырауға жауап беріп, азаматтарға өздігінен кеңес берген жасанды интеллект жалпы 120 мыңға жуық қызмет көрсеткен.

Елордада FEI Әлем кубогының шешуші кезеңі өтеді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img