Қазақ тілі БҰҰ-ның жасанды интеллект жүйесіне енгізілді

Қазақ тілі жаһандық цифрлық кеңістіктегі қолданыс аясындағы тағы бір маңызды белесті бағындырды.

Мемлекеттік тіліміз алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) жасанды интеллект негізіндегі аударма жүйесіне қосылды, — деп хабарлайды jananews.kz. Бұл туралы Женева қаласында Қазақстанның төрағалығымен өткен Зияткерлік меншік және жасанды интеллект жөніндегі алғашқы жаһандық форумда жарияланды.

Жаңалықтың маңызы мен мүмкіндіктері

Жиында жасанды интеллект дәуіріндегі авторлық және патенттік құқықтарды қорғау, сондай-ақ адамның цифрлық сәйкестігін сақтау мәселелері талқыланды. Сынақ режимінде іске қосылған бұл жүйеде қазіргі уақытта 20 тіл қолжетімді. Енді отандық ғалымдар, өнертапқыштар мен сала мамандары халықаралық жиындардағы баяндамаларды субтитр арқылы тікелей қазақ тілінде бірден оқи алады. Бұл жетістік – Қазақстанның Женевадағы тұрақты өкілдігінің бастамасы әрі аталмыш ұйымның хатшылығымен жүргізілген сәтті келіссөздердің нәтижесі.

ҚР ДСҰ және Женевадағы басқа да халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Төребаевтың айтуынша, басты мақсат – қазақ тілінің әлемдік деңгейдегі беделін арттырып, қарқынды даму үстіндегі жаңа технологиялар көшінен қалдырмау.

Қазақстанда «Тұмар 112» жаңа мобильді қосымшасы әзірленді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img