Қарағанды — Қазақстанның индустриялық жүрегі, алайда бүгінгі таңда өңір жаңа қырынан ашылуда — экологияны дамытудың жаңа философиясының бір бөлігі ретінде қабылдап отыр. Қарағанды облысы ауқымды өзгерістерге бет бұрып, оның экологиялық бейнесінің қалай өзгеріп жатқанын бүгіннен-ақ байқауға болады. Бұл негізінен Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жүйелі жұмысының нәтижесі, ол экология саласындағы ең ауқымды бастамаларды үйлестіреді.
Алдағы жылдары өңірде ауқымды экологиялық жобалар жүзеге асырылмақ. Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен 2025 жылы Үлкен Бұқпа және Тоқырауын өзендерінің санитарлық тазалау жұмыстары аяқталады. Бұдан бөлек, Соқыр өзенін— мұсылман зиратынан бастап Фёдоровский карьерінің қалдықтары қойылған алаңға дейін тазалау жобасы дайындалған.
Ал 2026 жылы ең ірі бастамалар басталады:
- Мұғалжар ауылынан бастап Волхов және Ынтымақ су қоймасына дейін Нұра өзенін санитарлық тазалау;
- Балқаштағы Бертіс бұғазының түбін шөгінділерден тазалап, жағалауын нығайту.
Бұл жобалар су сапасын жақсартып қана қоймай, адамдарға өзендер мен көлдерді демалыс үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Өңірде су шаруашылығы жүйесі қарқынды жаңартылуда: Тоғызқұдық, Танатбай және Жастілек бөгеттері, сондай-ақ Мұқтар және Ақтұмсық су қоймалары жөнделуде (жөндеу жұмыстары 2026 жылы аяқталады).
Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жаңа заманауи нысандары салынып жатыр. Абай мен Балқашта қоқыс сұрыптау желілері бар нысандар пайда болды — Балқаштағы құрылыс жеке инвестор, BioEcoService SBA компаниясының есебінен жүргізілді.
Ерекше атап өтерлігі, 2026 жылы Балқаштағы бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық станциясының аумағын рекультивациялау аяқталады, онда бірнеше онжылдықтар бойы қауіпті жабдықтар сақталған. Бұл облыстың ең ауқымды экологиялық жеңістерінің бірі болады.
Экологиялық тәрбие және «Таза Қазақстан» акциясы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық фестивальде «Тазалық әр адамның, әр үйдің, әр көшенің және әр қаланың өзінен басталуы тиіс. «Таза Қазақстан» акциясы бір реттік шара емес, ол біздің өмір салтымыз болуы керек. Сіздердің бірлескен күш-жігерлеріңіздің арқасында бұл игі бастама ауқымды қозғалысқа айналды. Бұл — ортақ мақсат үшін бірліктің дәлелі» – де» отырып, барша қазақстандықтарды біріктіретін, экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған ауқымды жобаға мұрындық болған еді.
Облыста жастардыі экологиялық мәдениетіне ерекше көңіл бөлінеді және табиғатқа жауапты көзқарасты қалыптастыруға басымдық беріледі. «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс мектептерінде биоалуантүрлілікті қорғау тақырыбында кездесулер өтті, оларға 46 мектептен шамамен 2000 оқушы қатысты. Сондай-ақ «Экология және балалар» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, оған 100-ден астам жас зерттеуші қатысты.
Қарағанды облысындағы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әртүрлі жастағы және мамандықтағы адамдарды біріктіреді. Қоршаған ортаны қорғау күні Қарағанды орталық паркінде 500-ден астам адам жиналды. Балалар тротуарға сурет салу конкурстарында және «5 пластик бөтелкені тапсыр — балмұздақ ал, теледидар ұтып ал» экоакциясына белсенді қатысты.
Қарағанды мен Саран қалаларында өткен «Пластикті балмұздаққа айырбаста» акциясы ерекше назар аударады. Қарағандыда оған шамамен 2000, ал Сараньда 800 адам қатысты — бұл экологиялық бастамалар тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар көңілді бола алатынын көрсетеді.
Облыста орман шаруашылығы бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. 2021-2027 жылдарға арналған орманды қайта қалпына келтіру кешенді жоспары бекітілген. Биыл өңірде шамамен 440 гектар аумақта 1 635 000 ағаш көшетін отырғызу жоспарланған. Көктемде 1 300 000 ағаш отырғызылды, оның ішінде:
Шырша — 1 000 000-нан астам көшет, 163 гектарға жуық;
Қарағаш пен көкқайың — 255 000 көшет, 115 гектарға жуық.
2027 жылға дейінгі жалпы жоспар — 2300 гектардан астам аумаққа 7 000 000 көшет отырғызу. Бұл үшін орман питомниктерінің аумағы ұлғайтылады — биыл ол 10 гектарға кеңейтілді, 2027 жылға қарай тағы 40 гектарға ұлғаяды.
Бүгінде Қарағанды облысы экологиялық саясат тек құрылыс пен жобалар емес, сонымен қатар адамдармен етене байланыс екенін көрсетіп отыр.
Таза су, жасыл массивтер, заманауи полигондар және қайта өңдеу бойынша жаппай акциялар — бәрі бірге экология өмір салтына айналған өңірдің бейнесін қалыптастырады.
Егер бұрын Қарағанды облысы негізінен көмір мен зауыттарымен танылса, енді оның жаңа бет-бейнесі пайда болды — жасыл, экологиялық таза және заманауи өңір, ол сенімді түрде болашаққа қадам басуда.


