Қазақстанда 500 мың адам цифрлық платформалардан табыс табады

Қазақстанда 20-дан астам цифрлық платформа 500 мыңнан астам азаматқа тұрақты табыс табуға жол ашып отыр.

Енді бұл мүмкіндіктерді ауыл тұрғындарына да кеңінен қолжетімді ету жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, — деп хабарлайды jananews.kz.

Ауыл тұрғындарына арналған жаңа мүмкіндіктер

Цифрлық экономиканың игілігін шалғай өңірлер мен ауыл халқына жеткізу үшін бірнеше маңызды бағыт бойынша пилоттық жобаларды іске қосу көзделген:

  1. Ең алдымен ауыл кәсіпкерлерін қолданыстағы ірі маркетплейстерге қосып, олардың өз өнімдерін кеңірек нарыққа шығаруына қолайлы жағдай жасалады.

  2. Тапсырыстарды қабылдау және беру пункттерінің желісін кеңейтіп, тауарларды еліміздің түкпір-түкпіріне, соның ішінде шалғай ауылдарға дейін жылдам жеткізу ұйымдастырылады.

  3. Ауыл тұрғындары электрондық коммерцияны, заманауи цифрлық платформалар мен жасанды интеллект  құралдарын тиімді пайдалануды тегін үйренеді.

Бұл бастамалар өңірлердегі кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқаты мен табысын арттыруға тікелей ықпал етпек.

Upskilling платформасы және қайта даярлау

Халықты электрондық коммерцияға оқыту үдерісін нақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен ұштастыру аса маңызды. Осы мақсатта азаматтардың кәсіби дағдыларын жетілдіріп, қайта даярлаудан өтуіне арналған Upskilling платформасын іске қосу жоспарлануда. Аталған жүйе елдегі негізгі жұмыспен қамту платформаларымен толықтай интеграцияланады.

Медицина қызметкерлерінің жалақысы қалай өседі? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img