Черногорияның Будва қаласында 19 жасқа дейінгі жастар арасында өткен бокстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Тартысты бәсекеде бақ сынаған Қазақстан жастар құрамасы ел қоржынына бір алтын, үш күміс және төрт қола медаль салып, жалпыкомандалық есепте маңызды орынға ие болды, — деп хабарлайды jananews.kz.
Чемпионаттың жүлдегерлері
Әлем біріншілігінде отандық былғары қолғап шеберлері өздерінің мықты екенін дәлелдеді. 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Зарина Толыбай қарсылас шыдатпай, финалда Ресей өкілі Самира Итониеваны сенімді түрде жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Күміс медаль иегерлері:
Алина Құдайгенова (57 келіге дейін) – финалда ресейлік Анастасия Голуноваға есе жіберді.
Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) – ақтық сында ирландиялық Джон Донохиге жол берді.
Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) – финалда Өзбекстан өкілі Ислам Салиховтан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
Қола медаль еншілегендер:
Мадира Жұмақан (51 келі)
Индира Қыдырмолдаева (60 келі)
Данияр Ақбисенов (60 келі)
Еркетаң Жарқынбек (90 келі)
Жалпыкомандалық есепте бес алтын және бес күміс медаль жеңіп алған Ресей құрамасы көш бастаса, үш алтын, екі күміс және екі қола медаль алған Өзбекстан боксшылары екінші орынға жайғасты, ал үздік үштікті екі алтын, бір күміс және екі қола еншілеген АҚШ құрамасы түйіндеді.
Өскеменде жасанды интеллект курсын тегін оқуға болады — jananews.kz

