Адал қоғам жобасы аясында «Экономикалық өсім және экологиялық жауапкершілік: басымдық па, әлде тепе-теңдік пе?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 9 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясында «Экономикалық өсім және экологиялық жауапкершілік: басымдық па, әлде тепе-теңдік пе?» тақырыбында маңызды дөңгелек үстел өтті.

Жиын барысында мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту, табиғи ресурстарды қорғау және тұрақты даму қағидаттарын сақтау жолдары жан-жақты сөз болды.

Кездесуде көтерілген негізгі мәселелер

Талқылау кезінде қала тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін бірқатар өзекті экологиялық түйткілдер ортаға салынды:

— Қаладағы шу деңгейін төмендету, топырақ пен су ресурстарын ластанудан қорғау шаралары.

— Өзен-көлдердің жағдайын сақтау, жерасты суларын ұтымды әрі дұрыс пайдалану, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару және қаланы қоқыстан тазарту.

— Экономикалық дамуды қамтамасыз ете отырып, қоршаған ортаға түсетін антропогендік әсерді барынша азайту.

Қатысушылар мен жетекші сарапшылар

Іс-шараға экология, биология, су ресурстары, ауыл шаруашылығы, география және тұрақты даму салаларының жетекші ғалымдары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, экологтар және экобелсенділер қатысты. Алқалы жиында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, География және су қауіпсіздігі институтының, Ботаника және фитоинтродукция институтының, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері бой көрсетті.

Талқылау барысында өз саласының білікті ма мамандары мен сарапшылар баяндама жасап, ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, жиында Тоқтасынұлы, Талғат Кертешев, Анатолий Рябцев, Ибрагим Сейтасанов, Гүлмира Кезембаева, Бақытжан Елікбаев, Айсұлу Тұрсынова, Али-хан Медеу, Айнұр Сейілхан, Айжамал Шорманова, Гүлшат Бегимбетова, Марина Яцун, Еңлік Алимжанова, Пәкизат Сайлаубекова, Жаннура Манапбаева, Ботакөз Садыбекова, Сәуле Жомартқызы және Гүлбахира Ширинбаева қатысып, экологиялық тепе-теңдікті сақтау жолдары туралы өз ойларымен бөлісті.

Гиннесс рекордтар кітабы әлемнің түкпір-түкпірінен тіркелген таңғажайып жетістіктермен толықты — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img