Ақтөбе облысында биыл екі мыңнан астам ірі қара малдан бруцеллез ауруы табылды

Ақтөбе облысында мал дәрігерлерінің жүргізген тексеру жұмыстары кезінде қауіпті дерттер тіркелді.

Атап айтқанда, биылғы 8 айдың ішінде 524 мыңнан астам ірі қарадан сынама алынып, оның 2 048-інен бруцеллез ауруы анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембай мәлім етті.

Бруцеллез көрсеткіші және сирек кездесетін дерттер

Мүйізді ірі қарадан бөлек, аталған кезеңде 352 ұсақ малдан да бруцеллез табылды. Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай ауру анықталған барлық мал белгіленген тәртіппен зарарсыздандырылды. Сонымен қатар өңірде ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының 5 ошағы тіркелді. Ырғыз ауданы Қызылжар ауылдық округіне қарасты Құрылыс және Шеңбертал елді мекендерінде мал өлімі тіркеліп, зертханалық тексеруден соң өңірде бұрын-соңды кездеспеген қауіпті дерттер анықталды. Құрылыс ауылында — лептоспироз (кеміргіштер арқылы таралады), ал Шеңбертал ауылында – тейлериоз ауруы тіркелді.

Осы аудандағы Жайсаңбай ауылында да 16 ірі қарадан тейлериоз анықталды. Ветеринариялық инспекцияның ұсынысымен шектеулер қойылып, эпизоотияға қарсы жасақтың жұмысы нәтижесінде жағдай тұрақтанды. Екі ауылда барлығы 53 мал басы жойылды.

Вакцинация және мал санағы

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысы аумағында 2 505 603 бас мал бар. Оның ішінде:

Мүйізді ірі қара – 692 915;

Ұсақ қой-ешкі – 1 337 100;

Жылқы – 445 381;

Түйе – 26 720;

Қалғаны – шошқа.

Биыл облыста аса қауіпті 12 ауруға қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Республикалық қордан  түскен 8 080 080 доза вакцина толығымен аудандарға таратылды.

Астанада қазақы тазылардың моно тұқымдық көрмесі өтеді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img