Алматы қаласында тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауға арналған заманауи цифрлық жоба жүзеге асырылды.
Жақында ашылған Flow park саябағында тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін модульдік алғашқы медициналық көмек көрсету пункті орнатылды. Бұл туралы Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы мәлімдеді.
Модульдің жұмыс істеу принципі мен мүмкіндіктері
Өзін жайсыз сезінген немесе кенеттен жарақат алған тұрғындар модульдегі SOS батырмасын басу арқылы Жедел медициналық жәрдем қызметінің диспетчерімен бірден байланысқа шыға алады. Медицина қызметкері модуль есігін қашықтан ашып, аудио және бейнебайланыс арқылы азаматтың жағдайын нақты уақыт режимінде бағалайды. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенше, диспетчер зардап шеккен немесе жанындағы куәгерлерге алғашқы көмек көрсету құралдарын қалай пайдалану керектігін түсіндіріп отырады. Өлшемі 2×2,5 метр болатын пункттің құрылымы әртүрлі ауа райы жағдайларына төзімділігі жоғары HPL-панельдер мен тот баспайтын болаттан жасалған.
Ішкі және техникалық жабдықталуы
Шағын телемедициналық пункт шұғыл медициналық жағдайларда қажетті барлық заманауи құралдармен жабдықталған. Автоматты дефибриллятор, жарақаттарды алғашқы өңдеуге арналған жиынтықтар, жедел коронарлық синдром кезінде көмек беретін дәрі-дәрмектер топтамасы, брезент көрпе және болат кушетка. Үздіксіз жоғары жылдамдықты интернет, 360 градусқа дейін шолу жасайтын сыртқы бейнебақылау камерасы, ішкі бақылау камералары, ақпараттық интерактивті дисплей және телемедициналық кешен. SOS батырмасын басып, бірден Жедел жәрдем диспетчерімен аудио-бейнебайланысқа шығады.
Астананың 50 мектебінде мұғалімдерді даярлайтын педагогикалық сыныптар жұмыс істейді — jananews.kz

