Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қазақстан-Қытай бірлескен ғылыми орталығы ресми түрде өз жұмысын бастады.
Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Су Фанцю қатысты.
Орталықтың негізгі мақсаты мен мүмкіндіктері
Жаңадан ашылған ғылыми инфрақұрылым екі ел ғалымдарының тәжірибесін біріктіретін бірегей алаңға айналмақ. Қазақстандық және қытайлық сейсмолог-ғалымдардың жер сілкінісін бақылау, болжау бойынша ортақ ғылыми жобаларын іске асыру. Жер сілкінісі қаупін алдын ала ескертуге бағытталған инновациялық жүйелерді әзірлеу және өндіріске енгізу көзделіп отыр. Сейсмикалық белсенділігі жоғары Алматы аймағында халықаралық озық әдістемелерді қолдана отырып, сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін едәуір арттыру жоспарлануда.
Сейсмологиялық орталықты құрудың басты кезеңдері
Ғылыми орталықтың қызметі кешенді бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан мен Қытайдың жауапты ведомство өкілдерінің қатысуымен бірлескен Ғылыми орталықты іске қосты. Жер асты дүмппулерін нақты уақыт режимінде бақылайтын цифрлық құралдар мен сенсорлық желілерді орнату және жер сілкінісі қаупін ерте анықтау алгоритмдерін енгізу арқылы қала мен өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

