«Бір ауыл – бір өнім» жобасы шағын өндірушілерге жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік береді

Қазақстанда 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Бір ауыл – бір өнім» (БӘБӨ / OVOP) жобасы шағын өндірушілерге өз идеясын табысты бизнеске айналдыруға, өндірісті ұлғайтуға және жаңа нарықтарға шығуға үлкен мүмкіндік беруде.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жанар Ибрагимова жобаның биылғы нәтижелері мен даму барысы жайында баяндады. Бастаманы «Атамекен» ҰКП, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) бірлесе қолдап келеді.

Жобаның негізгі бағыттары мен қолдау тетіктері

Бағдарлама жергілікті шикізаттан бірегей өнім жасайтын жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерді кешенді сүйемелдеуге бағытталған. Тамақ өндірісі (шөп шайлары, нан-тоқаш, жеміс-жидек өнімдері, алма сірке суы) және қолөнер саласы (киіз, былғары, ағаш және металл бұйымдары) бағыттарына қатысуға болады. Өнімнің дизайны мен қаптамасын (брендинг) жасау, өндіріс технологияларын оқыту, рұқсат құжаттары мен сертификаттауды рәсімдеуге кеңес беру тегін жүргізіледі. Тауарлар тек жәрмеңкелерде қалып қоймай, ірі сауда желілеріне орналастырылады. Қазір өнімдер туристер көп келетін Nomad Bazaar алаңында және Marwin сауда желісінің дүкендерінде сатылуда.

Табысты мысалдар және 2026 жылғы жаңа финалистер

Жоба аясында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өндірісін кеңейткен кәсіпкерлер қатары артып келеді:

Өткен жылғы финалистің бірі – «Дымоварь» сауда маркасының өкілі Алена Ахтямова. «Дымоварь» сауда маркасы 2024 жылы үйде басталған өндіріс еді. Қазіргі таңда 5 млн теңгелік қайтарымсыз гранттың арқасында жеке кәсіпорынға, екі цехқа және оннан астам жұмыс орнына дейін ұлғайды.

Qazaq Apple компаниясы жергілікті алмаларды қайта өңдеп, сауда желілеріне жоғары сапалы отандық өнім ұсынып келеді. «Шағын өндіруші үшін ең үлкен мәселенің бірі – тек сапалы өнім жасау емес. Одан да қиыны – сатып алушыға жету, сауда желілеріне кіру, жаңа брендке деген сенім қалыптастыру мен оның құндылығын түсіндіру. ОСОП сияқты жобалар шағын ғана сату аясынан шығып, өз өніміңізге нарық тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді», – деді кәсіпкер Павел Шерстнев.

Тағы бір финалист – «Оркен» жобасын дамытып отырған кәсіпкер Гүлгерім Жұмабекова. «Оркен» бренді қазақтың этностиліндегі экологиялық ағаш пазлдарды өндіріп, туристік және білім беру салаларымен ынтымақтастық орнатты.

2026 жылы іріктеуден өткен 10 финалист мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алу байқауына жолдама алды.

Елімізде 1,2 млн адамды қамтитын 3 мың ауылға жоғары жылдамдықты интернет тартылады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img