Алматыдан Өскеменге енді жылдам жетуге болады

Қазақстанның негізгі туристік аймақтарына апаратын автокөлік жолдары ауқымды жөндеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында ресми мәлімдеме жасады.

Министрдің таратқан мәліметінше, биыл еліміз бойынша жалпы ұзындығы 11 000 шақырымды құрайтын жол желісінде жөндеу және құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Инфрақұрылымды жаңарту шаралары Рахман қайнары, Кендірлі, Баянауыл, Зеренді және Көлсай сияқты танымал туристік нысандар бағытындағы жолдарды да қамтиды.

Жол бойындағы сервис және уақытты үнемдеу

Қазіргі уақытта жергілікті әкімдіктер мен жеке инвесторлар бірлесіп, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын заманауи талаптарға сай дамыту жұмыстарын қолға алды. Жолаушылар мен туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында трассалардың бойында жаңа автожанармай құю станциялары (АЗС), қонақ үйлер (мотельдер) мен дәмханалар бой көтерді.

«Бұл жұмыстар туристік орындарға жетуді жеңілдетіп, жол жүру уақытын қысқартады. Мысалы биыл Алматы-Өскемен жолын толық бітірдік, жол жүру уақыты 4 сағатқа қысқарды. Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, автомобиль жолдарының өткізу қабілетін жақсартты», — деп атап өтті Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Республикалық маңызы бар автожолдардың толық пайдалануға берілуі өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына жаңа серпін бермек.

Ұлттық екпе тізіміне енбеген вакциналарды жеке клиникаларда салдыруға рұқсат па? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img