Әскери колледж түлектері ҰБТ-сыз әскери институтқа түсе алады

Қазақстан Республикасында әскери кадрларды даярлау және жастардың әскери мансабын қалыптастыру жүйесіне маңызды жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндіктер енгізілді.

Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, полковник Мұрат Олжабаев әскери колледж түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсырмай-ақ жоғары әскери институттарда білімін жалғастыра алатынын мәлімдеді. Бұл бастама болашақ офицерлерді ерте кезеңнен сапалы даярлауға және сержанттан офицерге дейінгі әскери жолды жүйелі қалыптастыруға бағытталған.

Әскери колледждердегі оқу шарттары мен жеңілдіктер

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда еліміздегі 5 әскери колледжге оқушылар 9 немесе 11-сыныпты аяқтағаннан кейін түсе алады. Оқу барысында курсанттар киім-кешек, тамақ, жатақхана және арнайы стипендия сияқты барлық қажеттіліктермен мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етіледі.

Курсанттар оқуға түскеннен кейін ресми түрде әскери ант қабылдап, әскери қызмет өткеру туралы келісімшартқа қол қояды. Колледжді тәмәмдаған түлектерге мемлекеттік үлгідегі дипломмен бірге «сержант» әскери атағы беріліп, Қарулы күштер қатарына қызметке жіберіледі.

Әскери институттарға жеңілдетілген тәртіппен түсу кезеңдері

Әскери колледж түлектері үшін жоғары әскери білім алу процесі келесідей бірізді кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1. Болашақ курсанттар 5 әскери колледждің біріне қабылданып, сержант мамандығы бойынша теориялық және практиклық әскери дайындықтан өтеді.
2. Оқуды аяқтаған соң түлектерге сержант атағы беріледі және олар ҚР Қарулы Күштері қатарында қызметін бастайды.
3. Колледж түлектері ҰБТ тапсырмастан, әскери институттарға түсіп, 3 жылдық қысқартылған бағдарлама бойынша офицерлік шенге дайындалады.

 

ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына қатысады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img