29 қараша мен 4 желтоқсан аралығында елордада 16 мемлекеттен 200-ден астам спортшы қатысатын голболдан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді.
Жарыста Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары да бақ сынайды, — деп хабарлайды jananews.kz.
Чемпионатқа қатысушылар мен ұйымдастырушылар
Әкімдіктің дерегінше, көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы голболдан жастар әлем чемпионаты Астанада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Дүбірлі додаға әлемнің 16 елінен 200-ден астам спортшы жиналады. Жарысқа Қазақстан, Бразилия, Аустралия, Канада, Испания, Германия, Үндістан, Израиль, Корея Республикасы, Польша, Ресей, Швеция, Түркия, АҚШ, Аустрия және Өзбекстан мемлекеттері қатысады.
Жүлделер үшін ерлер мен әйелдер командалары сынға түседі. Қатысушылар қатарында Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Чемпионаттың құрметті қонағы — Халықаралық зағиптар спорты федерациясының (IBSA) бас хатшысы Руфат Гаджили. Чемпионат IBSA, ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Тікелей ұйымдастырушылар — Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстанның Голбол федерациясы және «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі. Бас серіктес — ҚР Ұлттық паралимпиадалық комитеті.
Турнирдің ресми ашылу рәсімі 29 қараша күні сағат 16:30-да өтеді. Негізгі кездесулер 30 қараша мен 4 желтоқсан аралығында матчтар күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Шешуші финалдық ойындар жарыстың соңғы күні — 4 желтоқсанда өтеді.
Қазақ ертегілері мен аңыздары тұңғыш рет француз және нидерланд тілдерінде жарық көрді — jananews.kz

