Михаил Шайдоров Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ең жоғары марапатына ие болды

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының жыл сайынғы отырысы өтіп, отандық спорт пен Олимпиадалық қозғалыстың дамуына өлшеусіз үлес қосқан спортшылар мен сала қайраткерлері марапатталды.

Марапаттарды Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды jananews.kz.

Олимпиадалық қозғалыс үздіктеріне берілген марапаттар

Жиынның басты оқиғасы ретінде Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ең жоғары наградасы — ҰОК ордені мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылы ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровқа табысталды. Салтанатты рәсім барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар мен федерация басшылары да еленді. «Қазақстан Республикасының Олимпиадалық қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі құрмет белгісімен Данияр Қасқарауов пен Қазақстан Таеквондо федерациясының бас хатшысы Арал Садықов марапатталды.

II дәрежелі құрмет белгісіне Ауыр атлетикадан ұлттық құрама мүшелері Александр Уваров пен Алексей Чуркин, таеквондодан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының чемпионы Тамирлан Тілеулес, сондай-ақ Шымкент қалалық Таеквондо федерациясының президенті Олжасхан Уәлихан мен Түркістан облыстық Таеквондо федерациясының президенті Елдос Ахметов ие болды.

Таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионы Айым Серікбаева Ұлттық Олимпиадалық комитеттің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img