Ауылға жұмыс істеуге барған ІТ-мамандарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі?

Қазақстанда ауылдық жерлерде еңбек етіп жатқан жас мамандарды қолдауға бағытталған «Дипломмен ауылға!» жобасының аясы кеңейтілді.

Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бұл тізім цифрлық технологиялар (ІТ-мамандар) және архив ісі саласындағы мамандармен толықтырылды, деп хабарлайды jananews.kz.

Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлері

Енді ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға барған немесе оқуын аяқтап оралған ІТ-мамандарға 2 бағытта көмек көрсетіледі. Маманға біржолғы төлем ретінде 100 еселенген АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит бөлінеді. Ауданның әкімшілік орталығынан баспана алу немесе салу үшін – 2 500 АЕК мөлшерінде, ал ауылдық елді мекеннен баспана алу немесе салу үшін – 2 000 АЕК мөлшерінде жеңілдетілген бюджеттік кредит ұсынылады.

Негізгі шарттар мен шектеулер

Бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдауды алу барысында бірқатар маңызды талаптар ескеріледі. Бұл кредитті жұбайынан, ата-анасынан, атасы мен әжесінен, балаларынан, сондай-ақ аға-інілері немесе апа-қарындастарынан тұрғын үй сатып алуға пайдалануға болмайды. Азаматтың бұрыннан өзі тұрақты тұрып жатқан баспанасын сатып алуы үшін де бұл қаражат қарастырылмаған. Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін бұл әлеуметтік қолдау ерлі-зайыптылардың тек біреуіне ғана беріледі.

Бұл бастама ауылдық жерлерде цифрлық сауаттылықты арттыруға, интернет пен жаңа технологияларды енгізуге және өңірлердегі кадр тапшылығын жоюға үлес қосады.

Қазақстанда балалардың буллинг пен суицидтік ниетін анықтайтын жаңа жүйе әзірленді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img