Елімізде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ортадағы психологиялық қысым мен қатерлерді ерте сатыда анықтау мақсатында арнайы жүйе жасалды.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылды, деп хабарлайды jananews.kz.
Balazhan ақпараттық жүйесі қалай жұмыс істейді?
Үкімет басшысының атап өтуінше, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне цифрлық ортаның әсерін зерделеу мәселесі «Қазақстан балалары» тұжырымдамасында қарастырылған. Осы құжатты іске асыру шеңберінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп Balazhan диагностикалау ақпараттық жүйесі әзірленді.
Негізгі мақсаты білім беру ұйымдарындағы оқушылар мен тәрбиеленушілердің бойынан зорлық-зомбылық, қорқыту (буллинг), суицидтік ниет және басқа да қауіпті белгілерді ерте анықтау. Жүйеге Оқу-ағарту министрлігі ұсынған арнайы диагностикалық әдістер мен сауалнамалар біріктірілген. Бұл цифрлық ортадағы балалардың психологиялық қауіпсіздік деңгейін бағалап қана қоймай, қысым көріп жүрген балаларға дереу көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай барлық өңірлерде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істеп жатыр. Аталған орталықтар мектептердегі психологиялық қызметтерді үйлестіріп, оқушылар мен ата-аналарға білікті маман көмегі мен әдістемелік сүйемелдеу көрсетеді.
OpenAI: ChatGPT мәтіндері енді арнайы көрінбейтін белгілермен белгіленеді — jananews.kz

