«Фараб» аймағы – көне өркениет пен ғұламалардың алтын бесігі

Түркістанда өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда орта ғасырларда Сырдария мен Қаратаудың Аралға дейінгі аралығын қамтыған Фараб аймағында 80-нен астам қала болғаны мәлімделді.

Жиынға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден 40-тан астам белгілі ғалым мен зерттеуші қатысты, — деп хабарлайды jananews.kz.

Қазба жұмыстары және жаңа тарихи деректер

Соңғы 10 жыл ішінде жүргізілген археологиялық зерттеулер барысында мамандар 43 көне шаһардың орнын қазып, олардың төлқұжатын жасады. Бұл жаңалықтар бұған дейін жазба тарихымызда беймәлім болып келген жоғары деңгейдегі қалалық мәдениеттің болғанын нақты көрсетеді.

Ғалымдардың айтуынша, Жібек жолы бойында орналасқан бұл өңір исламның солтүстіктегі ең шеткі нүктесі және шынайы өркениеттің орталығы болған. IX-X ғасырларда тек Фараб аймағындағы 56 қаладан шамамен 350-ге жуық ғұлама шыққан. Қазіргі таңда сол ғұламалардың соңғы жылдары табылған құнды еңбектері мен қолжазбалары жан-жақты зерттелуде.

Ғалымдардың пікірлері мен тұжырымдары

Конференция барысында қатысушылар бұл тарихи жаңалықтардың маңызына ерекше тоқталды. Досай Кенжетай, философия және теология ғылымдарының докторы:

«Бізге «сендер көшпендісіңдер, сендерде қала, құқық және мемлекет болмаған» деді ғой. Соның барлығын біз қазір қайтадан дәлелдеп жатырмыз. Мәдениеттік тұрғыдан да, өркениеттік тұрғыдан да барлық талаптарға жауап беретін аймақ екенімізді көрсетудеміз. Сырдария деген тек география емес, бұл – түркі-ислам өркениетінің терең қабаты».

Әшірбек Мүминов, Халықаралық зерттеу орталығы бас директорының кеңесшісі:

«Сырнақ, Жәнд, Даршинкент қалаларынан шыққан үлкен ғалымдар туралы айтылуда. Олардың кейінгі кезде табылып жатқан қолжазбалары мен Құсамиддин Сырнақи, Итқани, Фараби, Жәнди сияқты ондаған беймәлім ғұламалардың есімдері мәлім болып жатыр. Олардың ислам өркениетіндегі орны өте үлкен».

Алматыда ревматология саласы бойынша монография жарық көрді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img