Ғалымдар гипертонияны емдеудің жаңа әдісін тапты

Британдық және халықаралық ғалымдар жоғары қан қысымын (гипертония) емдеудің жаңа әдісін сынақтан өткізіп, маңызды нәтижелерге қол жеткізді.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, баксдростат препаратын қабылдаған еріктілердің төрттен бірінде дәріні тоқтатқаннан кейін де қан қысымы қалыпты күйінде ұзақ уақыт сақталған. Бұл туралы Лондондағы Королева Мэри университетінің (QMUL) баспасөз қызметі хабарлады.

Препараттың жұмыс істеу принципі мен клиникалық сынақ нәтижелері

Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық бүйрекүсті бездерінің шамадан тыс белсенділігінен туындайтын тұрақты гипертонияға шалдыққан науқастарды ота жасамай-ақ емдеуге үлкен үміт береді.

Баксдростат — ағзада су мен тұздың іркілуіне әкелетін альдостерон гормонының өндірілуіне жауап беретін CYP11B2 ферментінің жұмысын тежейтін шағын молекулалы препарат. Бұл ферменттің шамадан тыс белсенділігі көптеген стандартты дәрілерге көнбейтін гипертонияның ауыр түрін тудырады. Зерттеу барысында баксдростатты ұзақ уақыт қабылдаған қатысушылардың 25 %-ында дәрі қабылдауды тоқтатқаннан кейін де қан қысымы қалыпты деңгейде қалған. Тіпті кейбір науқастарда бұл оң әсер екі жылға дейін жалғасқан.

Бұған дейін аяқталған клиникалық сынақтар аталмыш препараттың альдостерон деңгейін екі есе төмендетіп, қатысушылардың 40 %-ында қан қысымын толық қалыпқа келтіргенін дәлелдеген болатын. Ғылыми жаңалық жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресуде және науқастардың өмір сапасын жақсартуда маңызды қадам болып отыр.

Атырау облысында жылына 15 млн бекіре өсіретін шаруашылық іске қосылды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img