Жұлдыз Сүлейменова: колледж оқытушылары шетелде біліктілігін арттырады

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздегі колледждердің педагогикалық құрамы мен кадр тапшылығы мәселелеріне тоқталды.

Қазіргі таңда колледждерде 42,9 мың педагог еңбек етуде, алайда әлі де 2 мыңнан астам маман жетіспейді. Министрдің айтуынша, колледждердегі кадр тапшылығын азайту мақсатында өндірістен тәжірибелі мамандарды білім беру саласына тарту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде өндірістен 1 934 маман педагогтік қызметке келді. Ел бойынша колледждерде жұмыс істейтін 40 мыңнан астам педагог (95,4%) жоғары білімге ие.

Мамандықтар бойынша бөлінісі:

16 248 – арнайы пән оқытушысы;

9 505 – жалпы білім беретін пән оқытушысы;

4 880 – өндірістік оқыту шебері.

Педагогтердің кәсіби дамуы мен шетелдік тағылымдамалар

Біліктілікті арттыру бойынша 9 245 педагог арнайы курсқтардан өтті. Сонымен қатар 17 487 педагог цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні оқу процесінде қолдану бойынша даярлықтан өткізілді және 132 педагог шетелдік тағылымдамадан өтті. Алдағы кезеңде педагогтерді BOPPPS және TBLT сияқты халықаралық әдістемелер бойынша оқыту, салалық стандарттармен сертификаттау, озық кәсіпорындарда тәжірибе жинақтау және Hard & Soft skills дағдыларын дамыту көзделген. Сондай-ақ халықаралық біліктілігін растаған педагогтер үшін аттестаттау рәсімін жеңілдету қарастырылуда.

Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану бойынша маңызды келісімге келді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img