Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан әлемдік рейтингте екінші орынды сақтап қалды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Францияда өткен Гран-при кезеңінде сәтсіз өнер көрсетіп, оныншы орынға ие болғанына қарамастан, Халықаралық конькишілер одағының (ISU) әлемдік рейтингінде екінші орнын сақтап қалды, — деп хабарлайды jananews.kz.

Франциядағы Гран-при кезеңі және рейтинг көрсеткіштері

Францияның Анже қаласында өткен Гран-при сериясының кезеңінде отандасымыз еркін бағдарлама кезінде бірнеше қателік жіберіп, мұз үстінде құлаған болатын. Осыған дейін Шайдоров аталмыш серия кезеңдерінде үнемі үздік бестік қатарынан көрінген еді. Алайда бұл сәтсіздік оның әлемдік рейтингтегі позициясына әсер еткен жоқ. ISU-дың жаңартылған мәліметі бойынша, қазақстандық спортшының еншісінде 4 193 ұпай бар.

Әлемдік рейтингтің көшбасшылары:

  1. Илья Малинин (АҚШ) — 4 590 ұпай

  2. Михаил Шайдоров (Қазақстан) — 4 193 ұпай

  3. Юма Кагияма (Жапония) — 4 123 ұпай

Орталық Азия ғалымдарын біріктіретін цифрлық платформа жасалды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img