Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевті қабылдады.

Кездесу барысында Президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың орындалу барысы баяндалды.

Негізгі экономикалық және инфрақұрылымдық көрсеткіштер

Облыс әкімінің есебіне сәйкес, өңірде соңғы жылдары бірқатар бағыт бойынша оң динамика қалыптасқан:

— Үш жыл ішінде 13,6 %-ға өсіп, 5 триллион теңгеге жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тартылған инвестиция көлемі 874,5 миллиард теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,6 %-ға артты.

— Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 5 млрд текше метр болатын жаңа газ зауытының құрылысы басталмақ. Жобаның жалпы құны — 1,7 триллион теңге.

— Соңғы 3 жылда 1 542 шақырым автокөлік жолы жөнделді. Жыл соңына дейін Жайық өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталады. 4 теміржол вокзалы жаңғыртылып, пайдалануға берілді.

— Қазақстан–Ресей шекарасындағы «Сырым» автокөлік өткізу бекеті қайта жаңғыртылуда. Ал келесі жылы «Тасқала» бекетінде осындай жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

— Жалпы құны 138 миллиард теңге болатын 121 жаңа әлеуметтік нысан бой көтерді.

Ауыл шаруашылығы және өңірлік бастамалар

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 320 миллиард теңгеге жетті. «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылғаннан бері 1 414 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. «Қаладан – ауылға» жобасы аясында мыңнан астам адам ауылдық елді мекендерге қоныс аударды. Қоныс аударған барлық 218 отбасы баспанамен толық қамтамасыз етіліп, оларға әлеуметтік қолдау көрсетілді.

 

Шымкентте полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 4 мыңнан астам шағым түскен — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img