Мемлекет басшысы Орталық Азия – Корея Республикасы бизнес саммитінде өңірлік экономикалық ықпалдастықты нығайтуды ұсынды

Корея Республикасына жасаған ресми сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бірінші Орталық Азия – Корея Республикасы бизнес саммитінде сөз сөйледі.

Жиында өңірлік экономикалық ықпалдастықты нығайту, инвестициялық әлеуетті арттыру және жаңа технологиялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Өз сөзінде Президент қазіргі жаһандық геосаяси шиеленіс жағдайында мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен сенім ұзақ мерзімді іскерлік серіктестіктің негізі екенін жеткізді.

Экономикалық өсім және ауқымды келісімдер

Қазақстан Президенті былтыр Орталық Азия елдерінің жалпы ЖІӨ-сі 550 миллиард долларға жақындап, өсу қарқыны 6%-дан асқанын, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жоғары екенін хабарлады. Орталық Азияның жиынтық ішкі жалпы өнімінің шамамен 60 %-ы және аймаққа шетелден тартылатын тікелей инвестицияның 70 %-ға жуығы Қазақстанға тиесілі. Сапар аясында екі ел арасында жалпы сомасы 19 миллиард долларға жуықтайтын 80-дей коммерциялық келісімге қол қойылды.

Үкімет бұл жобалардың уақтылы орындалуын жіті қадағалап, корей кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетеді. Ол үшін 2027–2030 жылдарға арналған кешенді бағдарлама әзірленеді. Бұдан бөлек, бизнес бастауға ниетті инвесторларға артықшылықтар беретін Altyn Visa бағдарламасы іске қосылуда.

Негізгі ынтымақтастық бағыттары

Мемлекет басшысы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың басым бағыттарына жеке тоқталды:

  1. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Корея құны 4 миллиард доллардан асатын 51 жобаны жүзеге асыруда. Алматы мен Қостанайдағы Hyundai және Kia зауыттары елдегі автоөндірістің дамуына үлкен үлес қосып, локализацияны тереңдетуге негіз қалады.

  2. Қазақстан мыс, хром, титан және басқа да стратегиялық маңызды минералдар мен сирек кездесетін металдар кеніне бай. Осы орайда геологиялық барлау, кен игеру және шикізатты терең өңдеу бойынша толық циклді инвестициялық жобалардың тізімін жасақтау ұсынылды.

  3. Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) маңызы зор. Былтыр бұл дәліз арқылы контейнерлік тасымал көлемі 36%-ға, ал биылғы 8 айда 18%-ға өскен. Алдағы екі жылда бағдардың өткізу қабілетін 6 миллион тоннадан 10 миллион тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Саммит соңында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары да сөз сөйлеп, өңірлік әріптестіктің маңызын атап өтті.

МАРАЛ МҮЙІЗДЕРІНІҢ СЫРЫ НЕДЕ ЖӘНЕ ОЛАР ТУРИСТЕРГЕ НЕГЕ ҚЫЗЫҚ? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img