Қазақстанда 671 өнеркәсіп кәсіпорны суды қайта пайдалану жүйесіне көшеді

Қазақстанда өндірістегі су шығынын азайту мақсатында ауқымды жұмыстар басталды.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше елдегі 671 өнеркәсіп кәсіпорны мен жылу өндіруші субъектілер суды қайта немесе айналымды пайдалану жүйесіне кезең-кезеңімен көшеді.

Жаңа талаптар мен 5 жылдық жоспар

Жаңа Су кодексіне сәйкес, өнеркәсіп орындары мен жылу өндірушілер айналымды сумен жабдықтауға көшу бойынша арнайы бес жылдық жоспар әзірлеуі тиіс. Сондай-ақ қолданыстағы жүйелерді ең озық қолжетімді технологияларды қолдана отырып жаңғырту қажет. Қазақстанда жыл сайын шамамен 25 миллиард текше метр су тұтынылады. Оның 20–25 %-ы өнеркәсіп қажетіне жұмсалады.

Бүгінгі таңда 671 кәсіпорын осы жүйеге көшуге дайындалуда. Қазірдің өзінде 191 көшу жоспары әзірленіп, оның 91-і келісу сатысында тұр. Тағы 278 жоспар әзірлену үстінде. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышевтің айтуынша, келесі жылдан бастап бұл құжаттар арнайы су пайдалануға рұқсат алу кезінде міндетті талапқа айналады.

Мақсатты көрсеткіштер мен бақылау

Аталған шаралар Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасында белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған. Атап айтқанда, өнеркәсіпте суды қайта пайдалану үлесін 28 %-ға дейін арттыру көзделіп отыр. Егер бұл талаптар белгіленген мерзімде орындалмаса, кәсіпорындар үшін рұқсат етілген су пайдалану көлемін қысқарту шаралары қарастырылған. Қазіргі уақытта министрлік су алатын пайдаланушылардың тізімін нақтылап, соңғы үш жылдағы статистикалық деректерді қайта тексеруде.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img