Қытай шетелде заң бұзған азаматтарына елден шығуға тыйым салады

Қытай Халық Республикасында шетелде жүріп құқықбұзушылық жасаған азаматтардың елден сыртқа шығуын шектейтін жаңа қаулы қабылданды.

Қытайдың Мемлекеттік кеңесі бекіткен құжатқа сәйкес, шетелде жүрген кезінде мемлекеттік қауіпсіздікке, ел мүддесіне қатер төндіретін заңсыз немесе қылмыстық әрекеттер жасаған тұлғаларға қатысты уақытша шектеу шаралары қолданылады. Жаңа тәртіп 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, — деп хабарлайды «24KZ».

Шектеу мерзімі мен қолдану тәртібі

Мемлекеттік қауіпсіздікке залал келтірген немесе заң бұзған Қытай азаматтары отанына оралған соң 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге шетелге қайта шығу құқығынан айырылады. Қаулы шет мемлекеттер аумағында жүріп жасалған қылмыстарды, елдің ұлттық мүддесіне нұқсан келтіретін әрекеттерді және өзге де құқыққа қайшы қадамдарды қамтиды. Мемлекеттік органдар шетелде жасалған заңсыз әрекеттердің сипатына қарай әр азаматқа жеке шектеу шарасын тағайындайды.

Қарағанды облысында 10 мың тонна картоп пен көкөніс сақтайтын қоймалар салынады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img