Қазақстанда халыққа шұғыл және жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету жүйесі тұрақты жұмыс істеп келеді.
Ел бойынша санитариялық авиация борттары жыл сайын 2 мыңға жуық шұғыл ұшуды жүзеге асырады, — деп хабарлайды 24KZ.
Медициналық авиацияның атқаратын қызметі мен биылғы көрсеткіштері
Санитариялық авиация тек пациенттерді тасымалдаумен шектелмейді. Ол ауыр жағдайдағы науқастарға жол бойы медициналық көмек көрсетуді, бейінді мамандарды шалғай аудандарға жеткізуді және қажет жағдайда ота жасауды тікелей сол жерде ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жылдың 8 айында медициналық авиация 1 495 рет ұшып, 1 543 пациентке көмек көрсетті. Сонымен қатар дәрігерлер тарапынан қашықтан 4 703 консультация өткізілді. Егер азамат шетелдік клиникада ауыр жағдайда қалып, тұрақты әуе рейсімен орала алмаса, арнайы медициналық сүйемелдеумен елге жеткізу ұйымдастырылады:
2025 жылы: Түркия, Германия, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Қырғызстан және Мысырдан 9 халықаралық ұшу жасалды.
2026 жылдың 8 айында: Албания, Италия, Түркия, Қытай, Таиланд, Ресей және Өзбекстаннан тағы 9 халықаралық ұшу орындалды.
Бұл маңызды жүйенің жұмысын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарады. Ол қашықтыққа қарамастан, әрбір азаматқа дер кезінде шұғыл көмек көрсетуді үздіксіз қамтамасыз етуде.
Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы лауазымына ұсынылды — jananews.kz

